Қазақстан мен Сауд Арабияның Энергетика министрлері кездесті

Қазақстан мен Сауд Арабияның Энергетика министрлері кездесті

Қазақстан мен Сауд Арабияның Энергетика министрлері кездесті
ашық дереккөзі
Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид Абдулазиз Әл Фалихпен кездесті, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, министрлердің жүздесуіне мемлекет басшылары арасында алдын ала жасалған уағдаластық негіз болды. Келіссөз нәтижесінде екі елдің химиялық компаниялары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта Қазақстанда полиэтилен, полипропилен және метанол өндіру жобаларын іске асыру мүмкіндіктері қарастырылған. Сондай-ақ, қос тарап мұнай өндірісін үйлестіру және баламалы энергия көздерін дамыту мәселелерін де талқылады. Сауд Арабиясы энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халил Абдулазиз Әл Фалих: «Сауд Арабиясы Қазақстанмен әріптестікбайланысты нығайтуға  мүдделі. ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы  жаһандық мәні зор мереке. Оның «Болашақ энергиясы» деген тақырыбы біздің мемлекет үшін де маңызы зор», – деді кездесу барысында.