Елбасы БҰҰ бас хатшысымен кездесті

Елбасы БҰҰ бас хатшысымен кездесті

Елбасы БҰҰ бас хатшысымен кездесті
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысқаны үшін шынайы ризашылығын білдірді. «Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихында БҰҰ Бас хатшысы оның жұмысына бірінші рет қатысуда. Сіздің осы шараға келуіңіз ұйым үшін тарихи сәт - ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанның қабылдануымен тұспа-тұс келіп отыр. Сол арқылы бұл ұйым аймақтық деңгеймен шектелмей, елеулі саяси күшке айналуда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. БҰҰ Бас хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуімен құттықтап, оған Үндістан мен Пәкістанның мүше болып қабылдануын атап өтті. «Мен осы саммитке Шанхай ынтымақтастық ұйымының бірте-бірте бүкіл әлемдегі ықпалдастық орталығына айнала бастағанын жете сезініп келдім. Бұл ұйым, менің ойымша, бүгінгі әлемдік құрылымның маңызды тірегі болып саналады. Үндістан мен Пәкістан осы басқосуда сындарлы диалог жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болады деп ойлаймын», - деді А.Гутерриш.