Түркіменстан президенті халыққа арналған әлеуметтік жеңілдікті алып тастамақ

Түркіменстан президенті халыққа арналған әлеуметтік жеңілдікті алып тастамақ

Түркіменстан президенті халыққа арналған әлеуметтік жеңілдікті алып тастамақ
ашық дереккөзі
287
Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов елде халыққа арналған барлық әлеуметтік жеңілдікті алып тастауды тапсырды,  – деп хабарлайды Tengrinews.kz  ақпараттық порталы Түрікменстанның Мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.  Түркіменстан президентінің пікірінше, халыққа арналған әлеуметтік жеңілдіктер тиімсіз. Бердымухамедов бұл туралы кеше өткен үкімет отырысында мәлімдеді. Бердымухамедов вице-премьер Ходжамаммедовке барлық жеңілдікті жою бойынша ұсыныстар дайындауға тапсырма берді.  "Яғни жеңілдіктер барлығына бірдей берілмеуі тиіс, оған шын мәнінде мұқтаж адамдарға берілуі тиіс" деп хабарлайды Түрікменстанның Мемлекеттік ақпарат агенттігі. "Салық жүйесі арқылы ғана біз жалақы көлемін арттырамыз, сондай-ақ, мақсатсыз беріліп жатқан ақшалай сыйақыдан бас тартамыз" деді Түрікменстан президенті. Айта кетейік, Түрікменстан азаматтары 1993 жылдан бастап әлеуметтік қажеттіліктерді тегін алып жүрген еді. Бұл жеңілдіктер сол уақыттағы президент Сапармурат Ниязовтың кезінде енгізілген. Тұрғындар су, газ және электрді тегін алып келген еді.

Серіктес жаңалықтары