699
Ақмола облысында салқындатылған экологиялық таза ет өнімдері шығарылуда
Ақмола облысында салқындатылған экологиялық таза ет өнімдері шығарылуда
Ақмола облысының Целиноград ауданында салқындатылған экологиялық таза ет өнімдері шығарылады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Арнаның хабарлауынша, мұндай технология тауық етінің табиғи қалпын сақтауға көмектеседі. Соңғы үш жылда кәсіпорын өнім көлемін үш есеге арттырған. Алдағы уақытта қуаттылығын көбейтіп, жылына 20 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр. Аталған желіде сағатына 6000 тауық өңделеді. Құс алаңға жеткізілгеннен кейін ауада тамшылату әдісі арқылы суытылады. Жұмыс бар-жоғы екі жарым сағатқа жалғасады. Кейін дайын өнім қапталуға жөнелтіледі.
«Адам күшін қажет етпейтін үрдіс. Өнім экологиялық тұрғыда таза шығады. Құс өңделу барысында бойына ылғал сіңірмейді. 2015 жылы айына 400 тонна ет өндірілсе, қазір 1400-1300 тонна ет шығарамыз. Яғни, өнім көлемі үш есеге артты, жұмысшылар да көбейді», – дейді цех басшысы Светлана Кузичева.
Құстарға арналған азық та осы цехте дайындалады. Мекемеде бидай етке араластырады. Бұл Қазақстан нарығы үшін маңызды. Жаңа технологияның көмегімен айналымды арттырып, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру мүмкіндігі бар.
Кәсіпорын басшылығының айтуынша, цехта бір ауысымда 100 тонна, айына 1000 тонна ет өнімдері шығарылады. Жоба құны 16 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорын биыл 14000 тонна, келесі жылы 20000 тонна ет өндіруді жоспарлап отыр. Кәсіпорында қазір 1 миллионнан астам тауық бар. Келешекте құс өсіруге арналған жаңа орындар енгізу жоспарлануда. Оларды күтіп-баптау жергілікті тұрғындар үшін жұмыс көзі болмақ.