Солтүстік Корея бірнеше зымыран ұшырды

Солтүстік Корея бірнеше зымыран ұшырды

Солтүстік Корея бірнеше зымыран ұшырды
ашық дереккөзі
Солтүстік Корея тағы да бірнеше зымыран ұшырды. Солтүстік Корея шығыс жағалауына қарай кемеге қарсы зымырандар ұшырып, әлемді тағы бір дүрліктірді, деп хабарлайды ресейлік ТАСС. Ұшырылған зымырандар Жапон теңізіне құлаған. «Солтүстік Корея Вонсан ауданынан (шығыс жағалауы) шамамен кемеге қарсы қолданылатын зымырандарды ұшырды», - деп мәлімдеді Оңтүстік Корея штаб басшыларының бірлескен комитеті. Yonhap агенттігінің деректеріне қарағанда, сынақтан өткізілген қанатты зымыран баллистикалық қару емес. Бұл ақпаратты үкімет көздеріне сілтеме жасай отырып NHK арнасы да растады.