Facebook-те "ұлтараздықты қоздырғандарға" қылмыстық іс қозғады

Facebook-те "ұлтараздықты қоздырғандарға" қылмыстық іс қозғады

Facebook-те "ұлтараздықты қоздырғандарға" қылмыстық іс қозғады
ашық дереккөзі
Facebook-те "ұлтараздықты қоздырғандарға" қылмыстық іс қозғады. Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бірқатар Facebook қолданушылардың іс-әрекеттері ұлтараздықты қоздыруға арналған деп тапқан. Бұл жөнінде ҰҚК хабарлады. Мекеменің хабарлауынша, аталған қолданушылар Жалал-Абад облысындағы Масы ауданында болған оқиғаға қатысты ұлтараздықты қоздырған. Бұған қатысты Қырғызстанның Қылмыстық кодексі бойынша іс қозғалған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мамырдың 17-нен 18-не қараған түні 22 жастағы жергілікті тұрғын ауылдасымен сөзге келіп, оған төрт рет пышақ сұғып, қашып кеткен. 20 мамырда зардап шегушінің туыстары милиция ғимаратының жанына келіп, қашып кеткен жігітт ұстауды талап еткен. Кейіннен күдіктіні қырғыз -тәжік шекарасында тұтқындаған. Оған бұзақылық жасады деген айып тағып, екі ай мерзімге қамауға алған. Әлеуметтік желілерде бұл оқиға үлкен пікір-талас туғызды. Тіптен кейбір қолданушыларға арнайы қызмет қылмыстық іс қозғады.