Қазақстан төртінші ғарышкерін қашан ұшыратыны белгілі болды

Қазақстан төртінші ғарышкерін қашан ұшыратыны белгілі болды

Қазақстан төртінші ғарышкерін қашан ұшыратыны белгілі болды
ашық дереккөзі
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов төртінші ғарышкерді қашан ұшыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Бұл ақшаға байланысты. Бір ғарышкерді ғарышқа ұшыру 30 миллион доллар шамасында. Екіншіден, ғарышкерді турист ретінде жібермей, ол ғарышта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі керек. Ал бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары болуы қажет. Бұл жоспарды біздің министрліктер, мемлекеттік органдар беруі керек. Осы жұмыс бәрі жасалса және Парламент қолдаса, жоспар бар", – деп хабарлады Атамқұлов Мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында. Ғарышты осы күнге дейін қазақтың үш ғарышкері бағындырды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа ұшты. Ғарышта өткізген уақыты – 7 күн 22 сағат 13 минут. Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет – 1994, 1998 және 2001 жылы ұшты. Ғарышта болған жалпы уақыты – 341 күн 9 сағат 48 мин. Ал Айдын Айымбетов Қазақстан азаматы ретінде ұшқан тұңғыш ғарышкер, ол 2015 жылы ғарышты бағындырды. Айдын Айымбетов ғарышта 9 күн 20 сағат 13 мин болды. Үш батырға да ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін "Халық қаһарманы" атағы берілген.