Жамбыл облысында балабақшалар көбеюде

Жамбыл облысында балабақшалар көбеюде

Жамбыл облысында балабақшалар көбеюде
ашық дереккөзі
404
Жамбыл облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі білім беру мекемелері көбейіп келеді, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Өңірде соңғы 3 жылда осы жүйемен 54 балабақша ашылып, жалпы саны 71-ге жетті. Ал саны артқан сайын білім және тәрбие берудегі сапаға деген бәскелестік арта түскен. Әсіресе оқыту, тәрбие беру үлгісіндегі жаңалықтар, тың әдістемелерге көңіл бөлініп келеді. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап «Мектепке жол» акциясын балабақшадан бастап өткізуді қолға алып отыр. Халықаралық балалар мерекесінде алғашқы түлектерін түлеткен балабақша ұжымы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке қажетті заттармен толық қамтамасыз етті. Айта кету керек, осындай мемлекетпен бірлесіп жұмыс жүргізіп отырған бөбекжайларда 6 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. «Әр балаға Үкімет тарапынан 23 мың 112 теңге субсидия алып отырмыз. Бұл біз үшін үлкен көмек. Ата-аналарға да көмек. Соның арқасында біз әр баланың ата-ана тарапынан төленетін төлемақысын 10 мың теңгеге дейін қысқартып отырмыз», – дейді  балабақша меңгерушісі Гүлжан Қуанышова.

Серіктес жаңалықтары