Жамбыл облысында дауылдан қаза тапқандар отбасына көмек көрсетіледі

Жамбыл облысында дауылдан қаза тапқандар отбасына көмек көрсетіледі

Жамбыл облысында дауылдан қаза тапқандар отбасына көмек көрсетіледі
ашық дереккөзі
302
Үкімет отырысы барысында негізгі күн тәртібін қарамас бұрын ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдай нәтижесінде қайтыс болған отбасыларға барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды, – деп хабарлайды 24. Kz арнасы. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев 30 мамырдағы таңертеңгі жағдай бойынша апатты қызметтер электрмен қамтудың 100 пайыз қалпына келтіргенін, сондай-ақ, қалада құлаған ағаштар мен қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Жағдай қазіргі уақытта бақылауға алынды. «Қаланың үздіксіз тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін, әсіресе жарық беру және газбен қамту желілері бойынша барлық шараларды қолдану қажет. Бірінші кезекте, қайтыс болғандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілуі тиіс», – деп тапсырды Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысының әкіміне. Еске салсақ, кеше Таразда өңірдегі соққан құйын салдарынан екі жұмысшы мен 14 жасар оқушы көз жұмды. Бұдан өзге, азаматтардың қатысуымен бірқатар қайғылы жағдай орын алды.   Жамбыл облысы ТЖД хабарламасы бойынша, облыс орталығындағы дауылды желдің жылдамдығы 27 м/с екпінмен 18 м/с жетті. Құйын ағаштарды құлатып, электр желісін жұлып кетіп, Тараз абоненттерінің бір бөлігі жарықсыз қалды.

Серіктес жаңалықтары