Әлемдегі ең қауіпсіз елдер

Әлемдегі ең қауіпсіз елдер

Әлемдегі ең қауіпсіз елдер
ашық дереккөзі
Бүкіл әлемдік форум барысында Global Travel and Tourism есебі бойынша, әлемдегі ең қауіпсіз ел - Финляндия болды. Екінші орында Таяу Шығысқа жақын орналасқанына қарамастан Біріккен Араб әмірлігі иеленді, Үшінші орында - Исландия. Қауіпсіз делінген елдердің көбшілігі Еуропада орналасқан, алайда Ұлыбританияның Манчестер қаласында болған терактіден кейін ол 78 орынға табан тіреп, 50-лікке де кіре алмады.  Ең ұауіпті елдер қатарында КХДР, Ауғанстан және Ирак сияқты елдер кірген. Бұл тізімде Украина Пәкістан, Йемен және Нигерия елдерін басып озып 127-ші орынға табан тіреген.  Ресей Федерациясы Перу, Доминикан Республикасы және Бразили елдерінен қалып қойып - 109 орында. АҚШ 84-ші орында. Еске салайық, осы ұйымның сәуірде жасаған қауіпсіз елдер тізімінде Қазақстан - 81-ші орында болған. Ал 2016 жылы қазанда шыққан есеп бойынша, Қазақстан 73-ші орында болды.