Еуразия іскерлік одағы қырғыз шаруаларына иневесторлар тартуға көмектеспек

Еуразия іскерлік одағы қырғыз шаруаларына иневесторлар тартуға көмектеспек

Еуразия іскерлік одағы қырғыз шаруаларына иневесторлар тартуға көмектеспек
ашық дереккөзі
Еуразия іскерлік одағы қырғыз фермерлерін ынтымақтастыққа шақырады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, кәсіпкерлер қоғамдастығының өкілдері шаруаларға әлеуетті инвесторлармен тікелей байланыс орнатуға көмектеспек. Олардың айтуынша, бұл процесті жеделдету үшін көрме, жәрмеңкелер ұйымдастырып қана қоймай еуразиялық әріптестермен тығыз қарым-қатынас орнатудың маңызы зор. Еуразия іскерлік кеңесі өкілдерінің пікірінше, Қырғызстан өз экономикасына шетелден капитал тартқанымен, отандық өндірушілер сол инвестицияны толыққанды игере алмай келеді. Олар жыл басынан бері Бішкекте жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша, елдегі бизнестің басым бөлігі әлі де көлеңкелі күйде қалып тұр. Ал тауарды сыртқа шығару немесе елге енгізу кәсіпкерлер үшін әлі де түйіні тарқамай тұрған, күрделі мәселе. Әрбір өндіруші Еуразиялық экономикалық кеңес көлемінде тауарын өткізуі үшін тағы бір мәселе бар. Қырғызстанда ауыл шаруашылық саласының да жетісіп тұрғаны шамалы. Олар ішкі тұтынушылардың өзіне ірі көлемде азық-түлік жеткізе алатын қауқары жоқ. Еуразиялық іскерлік кеңес осы мәселені реттеп, шаруаларға қол ұшын созуға дайын. «Мәселен, сіздің Ыстықкөлде шырын өндірісімен айналысатын кәсіпорныңыз бар дейік. Оның жұмысын уақыт өте келе дамытып, Қырғызстанды өз өніміңізбен қамтып отырсыз. Енді шетелдік нарыққа шығуды жоспарлайсыз. Осы сәтте бізге хабарласып, қажетті көмек сұрасаңыз болады»,  – дейді Еуразия іскерлік кеңесінің атқарушы директоры Ольга Осетрова. Сарапшылардың пайымдауынша, Қырғызстан ауыл шаруашылығында заманауи технологияларды кеңінен қолданып, Қытай секілді шекаралас мемлекеттерге тауар тасымалдауы керек. Оның үстіне, шаруалар аспан асты елімен сауда-саттық қарқыны артады деп сенім артып отыр. Қырғыз елінің шаруалары қазірдің өзінде еуразиялық одаққа тауар жөнелте алады.