Су тасқыны республикалық маңызы бар жолдарға залал келтірді

Су тасқыны республикалық маңызы бар жолдарға залал келтірді

Су тасқыны республикалық маңызы бар жолдарға залал келтірді
ашық дереккөзі
326
Елімізде республикалық маңызы бар жолдарға көктемгі су тасқыны айтарықтай залал келтірді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.   Арнаның хабарлауынша, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл судың жолды басып қалуы 3 есеге, ал одан келген шығын 2,5 есеге артық болып отыр. Бұл туралы «Қазақавтожол» кәсіпорнының бас директоры Ұлан Әліпов осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына арналған брифингте айтты. Тасқын салдарынан бұзылған 40-тан астам жол телімі қайта жөнделді. Оған қоса бұзылған жол жиектері мен су өткізу құбырлары да қайта қалпына келтірілген.  «Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда – Солтүстік Қазақстан облысында екі жерде жолдан асып төгілуі сақталып отыр. Ол жерде жол қозғалысы шектелген. Кезекшілік бар. Қалған бөліктерде қалпына келтіру аяқталды», – дейді «Қазақавтожол» РМК бас директоры Ұлан Әліпов.  

Серіктес жаңалықтары