Алматыда мәслихат сайлауы: алғашқы дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды

/
Алматыда мәслихат сайлауы: алғашқы дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды
Фото: ӨКҚ

Бүгін, 29 қарашада, Алматыда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Таң сәріден бастап қала тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруде. Олардың арасында отбасымен бірге келген азаматтар да бар. Алғашқы дауыс берушілерге шағын сыйлықтар әзірленген.

Сондай-ақ сайлау учаскелерінде интерактивті алаңдар мен тақырыптық фотоаймақтар ұйымдастырылған. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға дауыс беруге қолайлы жағдай жасау мақсатында қалада 170 инватакси көлігі мен 80 сурдоаудармашы жұмылдырылған.

Сонымен қатар, Алматыда тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтардың дауыс беруіне мүмкіндік беретін бір күндік тіркеу қызметі 41 сайлау учаскесінде жұмыс істеп тұр.

Бұған қоса, сайлау учаскелерінде электрондық үкімет порталы арқылы тіркелген мекенжай туралы мәліметті онлайн тексеру қызметі қолжетімді.

Сайлаушылар тізіміне енбей қалған тұрғындар тіркеу мәліметтерін нақтылау арқылы тиісті тізімге енгізіле алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары