Жамбыл облысында әйел тұрғындардың 700 млн теңгесін иемденіп кеткен

/
Жамбыл облысында әйел тұрғындардың 700 млн теңгесін иемденіп кеткен
istockphoto

Жамбыл облысының тұрғыны бірнеше азаматты бизнеске инвестиция салуға үгіттеп, ақшасын иемденді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тергеу барысында 715,9 млн теңгеден астам қаражаттың заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталды.

"Алғашқы арыз Шымкент қаласының 71 жастағы тұрғынынан түскен. Оның айтуынша, күдікті әйел бизнеске инвестиция салу арқылы мол табыс табуға уәде беріп, сеніміне кірген және 8 млн теңгесін алған", - деп жазылған хабарламада.

Кейін Жуалы аудандық полиция бөліміне осыған ұқсас жағдайға тап болған бірнеше азамат арызданған. Олардың сөзінше, күдікті дәл осындай тәсілмен ақшаларын иемденген.

Тергеу барысында басқа адамның атына жеке кәсіпкерлік тіркеліп, екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасы арқылы жалпы сомасы 715,9 млн теңгеден астам қаражаттың заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3 және 4-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция күдіктінің әрекетінен зардап шеккен өзге азаматтарды анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары