Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімдерді түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қабылдағаны үшін Семей қаласындағы екі ойын-сауық орнының қызметін тоқтату шараларын қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейін аталған мекемелердің иелері осындай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда бір жыл ішінде заң бұзушылықтар қайта тіркелген.
Осыған байланысты ойын-сауық орындарының иелерін заң талаптарын сақтауға және балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.