Ақтөбе – Қызылорда тасжолы төрт жолаққа дейін кеңейтіледі

/
Ақтөбе – Қызылорда тасжолы төрт жолаққа дейін кеңейтіледі
istockphoto.com

Биыл ұзындығы 1100 км Ақтөбе-Қызылорда автожолы ауыстырылады. Бұл жол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрамына кіреді. Бұған дейін екі жолақты болған тасжол енді төрт жолақты болады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қойылған сұраққа берген жауабында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қарағанды – Жезқазған жобасы. Бұл автожол екі жолақты, ол 1960 жылдары салынған. Биылғы жылы біз тағы екі жолақты саламыз, оны одан әрі бірінші санаттағы жолға, яғни төрт жолақты жолға ауыстырамыз», – деді спикер.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» жұмыс тобы аясында халықаралық маңызы бар үш жолақты жолдар салу ұсынысы пысықталып жатыр.

«Халықаралық тәжірибеде «үш жолақты қозғалыс» деген ұғым бар. Бұл қалай жүзеге асады? Екі негізгі жолақ болады да, әрбір 5 немесе 10 шақырым сайын қосымша үшінші жолақ қарастырылады. Яғни көліктер бір бағытта тізбектеле қозғалады. Қажет болған жағдайда басып озу үшін жолдың бір бағытындағы жолақ саны екіге дейін көбейеді. Мұндай тәсіл, біріншіден, арзанырақ, екіншіден, жылдамырақ, үшіншіден, тиімдірек. Қазір осы ұсынысты жұмыс тобы аясында қарастырып жатырмыз», – деді Дархан Иманашев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары