Елімізде телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

/
Елімізде телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады
istockphoto.com

4 қарашада жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты Қазақстанның барлық аумағында телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қазтелерадио" жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған профилактикалық жұмыс жүргізілетінін ескертті.

"Осыған байланысты Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін бүкіл ел бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік, аналогтық телевизия және радио хабар тарату желілеріндегі телеарналар мен радиостанциялардың жұмысы уақытша тоқтатылады", – делінген акционерлік қоғамның 2 қарашада Instagram парақшасында жарияланған хабарламасында.

"Қазтелерадио" түсіндіруінше, бұл жұмыс болашақта хабар таратудың тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары