Астана тұрғындарын алдап, 21 млн теңге алған алаяқ сотталды

/
Астана тұрғындарын алдап, 21 млн теңге алған алаяқ сотталды
istockphoto.com

Астаналық азамат тартпалы төбелерді орнату, сондай-ақ жиһаз жасау мен сату тәжірибесін ескере отырып, «Instagram» әлеуметтік желісінде хабарландыру жариялаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол келісім-шарттар жасасып, азаматтардан алдын ала төлемді қолма-қол не банктік онлайн-аударымдар арқылы алып, содан олармен байланысты үзген.

Аталған тәсілмен 15 азаматты алдап, сотталған жалпы 21 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Мемлекеттік айыптаушымен сотталғанның кінәсін толық дәлелденген.

Сот үкімімен оған 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Жәбірленушілердің келтірілген материалдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілер арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру кезінде азаматтарды сақ болуға шақырады. Алдын ала төлемді енгізбес бұрын орындаушы туралы ақпаратты тексеру, пікірлерді зерттеу, нақты байланыс деректерінің бар екеніне көз жеткізу және сатушының немесе орындаушының адалдығы расталмай елеулі сомаларды аудармау ұсынылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары