Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
50 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз жартылай финалда Үндістан өкілі Ниламмен кездесті.
Белдесу 7:3 есебімен үндістандық спортшының пайдасына аяқталды. Енді Зейнеп Баянова әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі.