Шымкентте №2 қалалық аурухананың жаңа корпусының құрылысы басталды

/
Шымкентте №2 қалалық аурухананың жаңа корпусының құрылысы басталды

Шымкентте №2 қалалық аурухананың жаңа корпусының құрылысының басталуына орай капсула салу рәсімі өтті. Жаңа корпус аурухананың, әсіресе кардиохирургия және нейрохирургия саласында мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндігін кеңейтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жобаны өнеркәсіптік, азаматтық және әлеуметтік құрылысқа ден қойған BI Engineering & Construction компаниясы жүзеге асырып жатыр.

№2 қалалық аурухананың жаңа корпусының ауданы – 7,6 мың шаршы метр, жер телімінің ауданы – 1,4 га. Ғимаратта диагностика, жедел медициналық көмек көрсету, ота жасау бөлімшелері, отадан кейінгі бөлімше, сондай-ақ  кардио- және нейрохирургия бөлімшелері орналасады.

Үшінші қабатта нейроинтервенциалды хирургия қарастырылған. Мұнда аз инвазивті процедуралар жасалады. Төртінші қабатта 40 адамға арналған кардиохирургиялық және интервенциалды кардиологиялық бөлімше орналасқан.

«Бұл жобадағы ең маңыздысы – пациенттерге берілетін жаңа мүмкіндіктер. Корпус кардиохирургия мен нейрохирургияны дамытуға, күрделі оталар жасауға, пациентке әр кезеңде, диагностика мен шұғыл қабылдаудан бастап хирургиялық ота және отадан кейінгі бақылауға дейінгі медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – деді жоба жетекшісі Мақсат Көбегенов.

Жаңа корпус диагностика, шұғыл көмек пен хирургиялық көмекті біріктіреді, №2 қалалық аурухананың мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкіндігін арттырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар