Қасым-Жомарт Тоқаев: Технология адамға қызмет етіп, өркениеттің катализаторы болуы керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Технология адамға қызмет етіп,  өркениеттің катализаторы болуы керек
Фото: Ақорда

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушылар ал­дында сөйлеген сөзінде Digital Bridge форумы Еура­зиядағы беделді және танымал технология алаңына ай­налғанын атап өтті.
– Мұнда әлемнің технологиялық дамуына зор үлес қо­сып жүрген білікті мамандар жиналды. Форум ая­сын­да жаңа идеялар мен тың бастамалар ұсынылады, тиім­ді байланыстар орнатылып, нақты жобалар іске қосылады. Сондықтан Digital Bridge халықаралық фору­­­­мын шын мәнінде жаңашыл, жасампаз және зият­кер азаматтар бас қосатын бірегей жиын деп айт­сақ, артық болмасы анық, – деді Мемлекет бас­шы­сы.
Президент қазіргі аса қарқынды, құбылмалы және озық заманда жаңа технологияны дамытудың маңы­зына тоқталды.
– Күллі әлем жұртшылығы жасанды интеллектінің дамуына айрықша назар аударып жатыр. Себебі жа­санды интеллектінің ықпалымен өнеркәсіп, қаржы, білім, ғылым, мемлекеттік басқару және жалпы адам өмі­рінде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Оған бәрі­міз де куә болып отырмыз. Осы орайда, AI & Digital Bridge форумының мазмұны да жыл өткен сайын жаңа сипатқа ие болуда: жаңа өзекті мәселелер пай­да болды, қатысушылардың ауқымы да ұлғайды. Форум­да цифрландыру тақырыбынан бөлек, есептеу инф­рақұрылымы, ауқымды тілдік модельдер, робот тех­никасы, индустрия саласындағы жасанды ин­тел­лект, ғылым, технология саласындағы заңнама мен қауіп­сіздік мәселелері жөнінде пікір алмасулар өтуде. Осы­лайша, AI & Digital Bridge жаңа технологиялар са­­ласындағы халықаралық байланыстардың алтын кө­пірі ретінде табысты қызмет етуде. Форумның түпкі мақсаты да, басты міндеті де, миссиясы да – осы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіге қатыс­ты асқан жауапкершілік таныту қажет екенін атап өтті.
– Жақында Президент Дональд Трамптың баста­ма­сымен Американың жетекші технологиялық компаниялары Суперинтеллект туралы келісімге қол қой­ғанын айтқым келеді. Менің ойымша, мүдделі ел­дер осы тәсілді үлгі ретінде қарастырып, мұқият зер­делеген соң жаһандық деңгейде қолдануға болар еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Президент Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жат­қа­ны­на назар аударып, еліміздің жетістіктеріне тоқ­талды.
– Өткен жылы қазақстандық IT-қызметтер экс­пор­ты 1 миллиард доллардан асты. Цифрлық ше­шімдері­міз әлемнің 100-ден аса елінде қолжетімді. Бұл қадамдар мен жетістіктер еліміздегі және әлемдегі прог­реске үлес қосуға Қазақстанның да ниетті екенін көрсетеді. Дегенмен озық технология саласындағы бұл жетістіктермен шектеліп қалуға болмайды. Біз елі­міздің мықты технологиялық негізін қа­лып­тас­тырамыз десек, инновациялық стартап-ком­па­ния­ларға нақты қолдау көрсетіп, озық жобаларды жүзеге асыруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.
Бұл ретте Президент өнеркәсіп саласы бойынша жа­санды интеллект міндеттерінің тізімін жасау маңыз­ды деп санайды. Аталған тізім нақты эко­но­ми­ка­лық қажеттіліктерге негізделуге тиіс. 
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев осы тізімге сүйе­не отырып, Қазақстан мен шетелден келген коман­да­лар­дың қатысуымен AI Challenge ұйымдастыруды ұсын­­ды. Оң нәтиже көрсеткен үздік жобалар міндетті түр­де өндіріске енгізіледі.
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні реттеу мә­селесін қозғады.
Ол Қазақстанда цифрлық трансформацияның құқықтық негізі қаланғанын, «Жасанды интеллект туралы» заң мен Цифрлық кодекс қабылданғанын еске салды. Президенттің айтуынша, бұл арада мұқият ойластырылған институционалдық теңгерім мен тәуекелге негізделген тәсіл қажет.
– Аталған саланы шамадан тыс реттеуге болмайды. Өйткені әлеуеті зор командалар мен әзірлемелер және ка­питал басқа юрисдикцияларға кетіп қалуы ық­ти­мал. Сондықтан қарапайым қағиданы ұстанған жөн: аза­маттардың қауіпсіздігі, құқықтары мен аса маңыз­ды мүдделері сынға түскен жағдайда, талаптар қатаң болуға тиіс, алайда шектен шықпаған дұрыс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл ретте Президент өнеркәсіп саласы бойынша жа­санды интеллект міндеттерінің тізімін жасау маңыз­ды деп санайды. Аталған тізім нақты эко­но­микалық қажеттіліктерге негізделуге тиіс. 
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев осы тізімге сүйе­не отырып, Қазақстан мен шетелден келген коман­да­лар­дың қатысуымен AI Challenge ұйымдастыруды ұсын­ды. Оң нәтиже көрсеткен үздік жобалар міндетті түрде өндіріске енгізіледі. Мемлекет басшысы жасанды интел­лектіні реттеу мәселесін қозғады.
Ол Қазақстанда цифрлық транс­фор­мация­ның құқықтық негізі қаланғанын, «Жасанды интеллект туралы» заң мен Цифр­лық кодекс қабылданғанын еске сал­ды. Президенттің айтуынша, бұл арада мұ­қият ойластырылған институ­цио­нал­дық теңгерім мен тәуекелге негізделген тә­сіл қажет.
– Аталған саланы шамадан тыс рет­теу­ге болмайды. Өйткені әлеуеті зор ко­ман­далар мен әзірлемелер және капитал басқа юрисдикцияларға кетіп қалуы ық­тимал. Сондықтан қарапайым қағиданы ұстан­ған жөн: азаматтардың қауіпсіздігі, құқықтары мен аса маңызды мүдделері сын­ға түскен жағдайда, талаптар қатаң болуға тиіс, алайда шектен шықпаған дұ­рыс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы адам капиталына айрықша мән берді. Президенттің пікірін­ше, заманауи деректер орталығы, озық тех­нологиялар өздігінен ешқандай нәти­же­ге кепіл бола алмайды. Ғалымдар, ин­же­нерлер, кәсіпкерлер болмаса, техно­ло­гиялық серпіліс жасау мүмкін емес. 
– Сондықтан біз білімді, білікті, жа­сам­паз мамандар даярлайтын ұлттық ғы­лыми-инженерлік мектеп қалып­тас­тыруы­мыз керек. Осы орайда, жаңадан ашыл­ған Qazaq AI Research University-ге ай­рықша міндет жүктеледі. Бұл оқу орны білім берумен қатар, өндіріс пен эко­но­ми­каның сұранысына сай ғылыми зер­т­теу­лер жүргізуге тиіс. Осы мақсатпен жа­сан­ды интеллектіні нақты салаларда қол­дануға арналған AI+X моделі қолға алы­нып отыр. Оның мүмкіндігін өндіріс, энер­гетика, медицина, қаржы, мемле­кет­тік басқару жүйесінде тиімді пайдалану ке­рек. Жалпы, бізге дайын өнім мен жаңа тех­нология жасай алатын мықты, яғни на­ғыз білікті мамандар қажет. Осы тұста ескеретін маңызды мәселе бар. Жасанды интеллект адамның интеллектуалдық қа­білетін алмастыратын құрал емес, оқу жә­не білім алу үдерісіне көмекші тәсіл бол­ғаны жөн. Технология қарқынды түр­де дамыған сайын, білім алу, сыни ойлау, ше­шім қабылдау және жауапкершілікті се­зіну қасиеттері аса өзекті бола түседі. Бұл – ақиқат, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды ин­тел­лектіні жауапкершілікпен қолдану мә­­дениетін ілгерілетудің маңызы зор еке­нін айтты.   
– Жасанды интеллект – жаһандық құ­бы­лыс. Ешбір мемлекет оның әлеуетін жал­ғыз өзі толық пайдалана алмайды. Біз­ге халықаралық деңгейдегі білім ал­ма­су, бірлескен зерттеулер, инвестициялар қа­жет. Технологиялық ынтымақтастық пен кадрлық әлеуетті дамытқан жөн. Қа­зақстан жасанды интеллектіні бейбіт мақ­сатта, қауіпсіз әрі жауапкершілікпен іл­герілетуді дәйекті түрде қолдайды. Тех­нология адамға қызмет етіп, өркениеттің ка­тализаторы болуы керек. Біз осы ұста­ным­нан айнымаймыз. Жасанды интел­лект жікке бөлмеуі қажет. Технологиялық кедергілер елдердің арасын алшақтатып, да­муымызды баяулатады. Сондықтан бүгінде ғылыми-техникалық ынты­мақ­тас­тықтың қалыптасқан арналарын сақ­тау өте өзекті. Халықаралық ықпал­дас­тық­қа қатысты көзқарасымыз ұлттық мүд­делерді құрметтеу және технологияны бейбіт мақсатта қолдану қағидасына не­гізделеді, – деді Мемлекет басшысы.
Президент жасанды интеллектінің мүмкіндігі молая түскен сайын, оның қау­пі де артады деп пайымдайды.   
– Киберқауіпсіздік, деректерді қорғау, ақ­параттың сенімділігі, алгоритмдердің ашық­тығы, қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілік – мұның бәрі кезек күттірмей қаралуға тиіс мәселелер. Шын мәнінде, жасанды интеллектіні қазіргі заманның мықты құралы, тіпті, қаруы деп те айтуға болады. Сондықтан оның әлем­дік дамуға пайда немесе зиян әкелуі ең ал­дымен адамзатқа тікелей байланысты болмақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент жасанды интеллект жас­тарға сапалы білім алып, жан-жақты даму үшін мол мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.  
– Жастарымыз осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жасанды интеллектіні еркін мең­герген, әр нәрсеге сын көзбен қарай­тын білімді тұлға болып қалыптасқаны маңызды, – деді Президент.
Мемлекет басшысы сөз соңында Қа­зақстан жаңа технологиялық экономи­ка­ның берік негізін қалағанын айтты.
– Цифрландыру және жасанды интел­лект жылының басты мақсаты – қол жет­­кізілген табыстарды әр азаматтың игі­лі­гі­не айналдыру. Жаңа технологиялық дәуір­де еліміздің лайықты орын алуына қа­жетті алғышарттар бар. Табысымыз терең білімге, батыл шешімдерге, праг­ма­ти­калық тәсілдер мен жауапты іс-әрекет­ке байланысты болмақ. AI & Digital Bridge таланттар мен идеяларды біріктіріп, 
ха­­лық­аралық ынтымақтастықты терең­дете түсетініне, өршіл жобаларды қолға алуға ықпал ететініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Халықаралық форум аясында Мем­лекет басшысына Qazaq AI Research University базасында жасалған AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan, ALFA жобалары, Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері көр­сетілді.
Бұдан бөлек, көрме қонақтары «Са­мұрық-Қазына» қоры мен Higgsfieldai ком­паниясының интеллектуалдық ше­шімдерімен және «Деректерді өңдеу орта­лығы алқабын» дамыту жоспарымен та­нысты.
Ұсынылған әзірлемелер жасанды ин­тел­лектіні экономика мен мемлекеттік бас­қарудың түрлі саласына енгізуді, отан­дық цифрлық инфрақұрылымды қол­дау­ды және Қазақстанның өңірлік тех­но­ло­гиялық хаб ретіндегі позициясын ны­ғайтуды көздейді. 
Мемлекет басшысы жиын барысында NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті. Кездесуде жа­санды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салала­рын­дағы ынтымақтастықты дамыту перс­пективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды ин­тел­лектінің жаһандық экожүйесін қалып­тастыруда NVIDIA компаниясының рөлі айрықша екенін айтты. Сонымен қатар жа­санды интеллектіні Қазақстан эконо­ми­ка­сының басым салаларында қолдану аясын кеңейтудің маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы мен NVIDIA ком­па­ниясының вице-президенті өзара тиім­ді ынтымақтастықтың берік негізі қа­лып­тасқанына назар аударды. Атап айтқанда, Қа­зақстанда NVIDIA технологиясының базасында екі суперкомпьютер кластері іске қосылды.
Кездесуде Екібастұзда «Деректерді өң­деу орталықтарының алқабы» жобасын жүзеге асыруға баса мән берілді. Жоба қуат­тылығы шамамен 30 МВт болатын есеп­теу инфрақұрылымын қалыптас­тыру­ды көздейді. Кейін оның көлемін 
1 ГВт-қа дейін арттыру жоспарланған.
Президент осы бастаманы табысты жү­зеге асыру үшін NVIDIA және Firebird ком­­­панияларымен жасалған келісім­дер­дің маңызына тоқталды.
Рев Лебаредян Қазақстандағы жасан­ды интеллект инфрақұрылымының даму барысын жоғары бағалап, NVIDIA компа­ниясының «Деректерді өңдеу ор­талық­тары­­ның алқабы» жобасының келесі ке­зеңіне қатысуға ниетті екенін жеткізді.
Бұдан бөлек, Қазақстанның кадрлық әлеуетін және технологиялық экожүйесін да­мыту мәселелері қарастырылды. Мем­ле­кет басшысы сонымен қатар General Atlantic төрағасы және бас директоры Уи­льям Форд­ты қабылдады. Әңгімелесу бары­сында инвестициялық ынтымақтас­тық перс­пек­тивасы, сондай-ақ елімізде тех­нология сек­торы мен жасанды интел­лект эко­жүйесін дамыту мәселелері тал­қы­ланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды ин­тел­лект пен цифрлық трансформация ел дамуындағы басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осыған орай жаңа жо­баларды жүзеге асыру үшін шетелдің же­текші инвесторлары мен тех­ноло­гия­лық компанияларын тарту маңызды.
Президент Қазақстанда жаңа тех­но­ло­гиялық экожүйе қалыптасып жат­қа­нын айтты. Оның құрамына Astana Hub, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы, Qazaq AI Research University кіреді.  
Мемлекет басшысының айтуынша, аталған экожүйені дамыту Higgsfield AI секілді әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті технологиялық компаниялардың пайда болуына септігін тигізеді. 
Өз кезегінде Уильям Форд Қасым-Жомарт Тоқаевқа General Atlantic ком­па­ниясының қаржы технологиясы, элек­трон­дық коммерция, бағдарламалық жа­сақтама және жасанды интеллект са­ла­ларындағы жедел дамып келе жатқан компанияларға, сондай-ақ энергетикалық және цифрлық инфрақұрылымға инвес­ти­ция құю мүмкіндіктері туралы айтты.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен General Atlantic төрағасы Екібастұзда жү­зеге асырылатын «Деректерді өңдеу ор­­талықтарының алқабы» жобасына на­зар аударды. Осы орталық аясында жа­сан­ды интеллектіге, «бұлттық» есептеулер­ге және цифрлық сервистерге арналған ірі инфрақұрылым алаңы жасалады. Қазір General Atlantic компаниясы аталған жо­ба­ға қатысуға қызығушылық танытып отыр.
AI&Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады. Мемлекет басшысы БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруи мен Абу Даби әмірлігі Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас дирек­торы Мансур әл-Мансуримен кездесті.
Президент берік достық байланысқа, өзара сенімге, стратегиялық серіктестікке негізделген Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас ерекше сипатқа ие екенін атап өтті. Сөз орайында БАӘ Қазақстанның ірі шетелдік инвесторларының ондығына кіретінін айтты. 2025 жылы елімізге Әмірліктерден 1,64 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш 3,5 есе ұлғайған. 
Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, БАЭ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға, БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Наһаянға ыстық ықыласын жолдады.
Кездесуде көлік-логистика саласын­да­ғы ынтымақтастықты дамытуға баса мән берілді. Бұдан бөлек, AD Ports Group ком­паниясымен бірлескен жобаларды іске асыру, Каспий теңізінде портты инф­ра­құрылым мен флотты дамыту, сондай-ақ Орта дәлізді нығайту мәселелері тал­қы­ланды. 
Өзара әңгіме аясында ТрансАуған дә­лі­зінің перспективасы мен теңіз, темір­жол, автокөлік және әуе тасымалы бағыт­тарындағы ұзақмерзімді серіктестікті қалыптастыру жайы сөз болды. 
Жасанды интеллект пен цифрландыру салаларындағы серіктестік те әңгіме арқауына айналды. 
Мемлекет басшысы Presight AI компа­ния­сымен суперкомпьютер инфрақұры­лы­мы жобаларын іске асыру, Smart City және көлік қозғалысы бейнемониторин­гінің ұлттық жүйесін құру бойынша ық­палдастықты жоғары бағалады. 
Қасым-Жомарт Тоқаев пен БАӘ деле­гация­сы G42 компаниясының Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының ал­қабы» ауқымды экожүйесін құруға қатысу мүм­кіндігін қарастырды.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен БАӘ қарым-қатынасын дамытуға қосқан үле­сі үшін Сухейл Әл-Мазруиді және Ман­с­ур әл-Мансуриді ІІ дәрежелі «Достық» ор­де­німен марапаттады. 
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары