Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы жағдай болды. 61 жастағы қала тұрғыны тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Ушанов алаңы маңындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Куәгерлер ер адамның тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлағанын айтқан.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұрғынның қаза болғанын растады.
«Өскемен қаласының 61 жастағы тұрғынының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.