Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында Mercedes-Benz Actros жүк көлігінің тіркемесі өртенді. Оқиға Батыр ауылының маңында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 28 қыркүйек күні сағат 14:24-те түскен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды 24 минут ішінде толық сөндірді. Өрт сағат 14:48-де ауыздықталған.
Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеті қызметкері мен екі техника жұмылдырылды.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.