Маңғыстау облысында 100-ден астам қой қырылып қалды

/
Маңғыстау облысында 100-ден астам қой қырылып қалды
istockphoto.com

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы шаруашылықтардың біріндегі қорада қойлар мен ешкілер қырылған. Жануарлардың өлімінің нақты себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 28 қыркүйек күні анықталған. Қырылған малдың видеосын жолдаған автор жануарлардың сапасыз судан қырылғанын айтқан.

Оқиға орнына Бейнеу ветеринариялық станциясы мен аудандық аумақтық инспекцияның мамандары барған. Олар Аманжол көшесінде тұратын ауыл тұрғынының шаруашылығында малдың қырылғанын растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, қойлар «Бейнеу Су Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының маңында пайда болған шалшықтан су ішкеннен кейін қырылған болуы мүмкін.

Қазір аталған су көзінен және қырылған жануарлардан биоматериалдар мен сынамалар алынып, зертханаға жіберілді. Зерттеу нәтижелері шамамен 10 күннен кейін белгілі болады.

Қырылған малдың өлекселері ветеринариялық талаптарға сәйкес өртеліп, арнайы биотермиялық шұңқырға жойылды. Қорада дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Аман қалған жануарлардан жұқпалы ауру белгілері анықталған жоқ.

Қазір оқиғаның нақты себебін анықтау бойынша тиісті мамандар жұмыс істеп жатыр. Жағдай аудан әкімінің бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар