БҚО-да заңсыз граффити салған жігіт 5 тәулікке қамалды

/
БҚО-да заңсыз граффити салған жігіт 5 тәулікке қамалды
Polisia.kz

ЖБО камераларын зерделеу кезінде Ақсай қаласындағы ғимараттардың бірінің қоршауына жас жігіттің заңсыз жазу жазып тұрғаны анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, құқық бұзушыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ол Ақсай қаласының 19 жастағы тұрғыны Александр Александров болып шықты.

Сот шешімімен кінәлі деп танылған азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Заңсыз жазу жойылды.

Осы ретте полиция заңсыз жазулар мен граффити салу жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар