Щучинск қаласындағы жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру барысында ер мен әйелдің денесі табылды – полиция бұл деректі тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өңірлік ТЖД-ның мәліметінше, өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйден 1968 жылы туған ер мен әйелдің денесін алып шыққан.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті өндіруге өңірлік ТЖД-ның 16 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылған.
Облыстық полиция департаментінің өкілдері де қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірген.
Бұл дерек Бурабай аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.