Жазғы Азиада-2026: Боксшы Махмұд Сабырхан жартылай финалға шықты

/
Жазғы Азиада-2026: Боксшы Махмұд Сабырхан жартылай финалға шықты
olympic.kz

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандық боксшы 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Махмұд ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Шин Джэёнды төрешілердің шешімімен 3:1 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Наталья Богданова (75 келіге дейін) 1/2 финалға өткен еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары