Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ведомствоның мәліметінше, сарбаздар оқу-жаттығу кезінде жағалауда тиісті міндеттерін орындаған және қазір әскери бөлімде қызметін жалғастырып жатыр.
"Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындады. Мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды.
Қазір аталған әскери қызметшілер әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр. Азаматтарды тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметтеріне сүйенуге шақырамыз", – делінген хабарламада.