Жазғы Азиада-2026: Садақшылар Ділмұхамет Мұса мен Андрей Тютюн 1/8 финалға дейін жетті

/
Жазғы Азиада-2026: Садақшылар Ділмұхамет Мұса мен Андрей Тютюн 1/8 финалға дейін жетті
ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілдері Андрей Тютюн мен Ділмұхамет Мұса Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында блоктық садақ атудан жекелей сында жарысты аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

1/8 финалда Андрей Тютюн Вьетнам спортшысы Данг Конг Дукпен кездесті. Қазақстандық садақшы 146 ұпай жинап, қарсыласына екі ұпай айырмасымен есе жіберді – 146:148.

Ділмұхамет Мұса ширек финалға шығу үшін қытайлық Ляо Цзяхаомен бақ сынады. Тартысты өткен кездесуде Қытай өкілі 146:145 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық екі спортшы да жекелей жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары