Жазғы Азиада-2026: Қазақстан әйелдер құрамасы байдаркадан қола медаль жеңіп алды

/
Жазғы Азиада-2026: Қазақстан әйелдер құрамасы байдаркадан қола медаль жеңіп алды
ҰОК

Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көлінде байдарка мен каноэде ескек есуден ХХ жазғы Азия ойындарының жарыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

500 метр қашықтыққа байдаркамен есу жарысының финалында Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орын иеленді. Спортшыларымыз 1 минут 37,005 секунд нәтиже көрсетті.

Қазақстан намысын Ольга Шмелёва, Стелла Суханова, Татьяна Токарницкая және Эвелина Костенко қорғады.

Алтын жүлдені Қытай құрамасы жеңіп алса, Өзбекстан спортшылары күміс медальға ие болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар