Жазғы Азиада-2026: Қазақстандық рапирашылар ширек финалға жолдама алды

/
Жазғы Азиада-2026: Қазақстандық рапирашылар ширек финалға жолдама алды
istockphoto

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы командалық жарыстың алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Рапирамен айқасудан 1/8 финалда қазақстандық спортшылар Қатар құрамасымен кездесіп, 45:42 есебімен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы командалық жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Қазақстан құрамасы сапында Тамирлан Калиев, Тимофей Семенов және Ғалым Нұрымов өнер көрсетуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар