Мемлекет басшысы Астана әкіміне ғимараттарға граффити салатындарға қатаң шара қолдануды тапсырды

/
Мемлекет басшысы Астана әкіміне ғимараттарға граффити салатындарға қатаң шара қолдануды тапсырды
Фото: Ақорда

Президент Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғасына граффити салатын тұлғаларға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің қалаларында бұған жол бермеу керек, сондай-ақ әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» мұндай түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдаған жөн.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар