Өскеменде зейнеткер екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

/
Өскеменде зейнеткер екінші қабаттың терезесінен құлап кетті
istockphoto

Өскеменде 70 жастағы кейуана екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Зейнеткер түрлі жарақат алып, бірден ауруханаға жеткізілген. Бұл ақпаратты полиция өкілдері растады.

"Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар