"Үш баланың анасы": АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды

/
"Үш баланың анасы": АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
Douglas Rissing/Getty Images

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Флорида штатында Қазақстан азаматының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталғанын растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде АҚШ-та үш баланың анасы саналатын қазақстандық әйелдің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

15 қыркүйекте Қазақстан СІМ бұл мәліметке қатысты ресми түсініктеме берді.

"АҚШ-тың көші-қон қызметі Қазақстан азаматын Флорида штатының аумағында заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты ұстаған", – деп хабарлады ведомство.

Министрліктің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматтың отбасымен байланыста.

Сондай-ақ оған қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр.

Әзірге қазақстандық азаматтың алдағы құқықтық мәртебесі мен іс бойынша қандай шешім қабылданатыны туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар