Тазының 7 қасиеті

/
Тазының 7 қасиеті

Қазақтың жеті қазынасының бірі саналатын тазы – халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен, аңшылық дәстүрімен және дала мәдениетімен біте қайнасқан ерекше ит тұқымы. Ол ғасырлар бойы қазақ аңшысының сенімді серігі болып, жүйріктігімен, төзімділігімен және аңшылық қабілетімен танылған. Бүгінде тазының ұлттық мұра ретіндегі маңызы артып, оның тұқымын сақтау мен халықаралық деңгейде танытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. 2024 жылы Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын арнайы тізімге қосты. Тазының жеті ерекше қасиетін санамалап көрейік.

1. Жүйріктігі
Тазының ең танымал қасиеті – оның жүйріктігі. Сым­батты денесі, ұзын аяқтары, жеңіл қимылы оған жо­ғары жылдамдықпен жүгіруге мүмкіндік береді. Та­зы аңды алыстан байқап, қуған кезде ұшқырлығы анық аңдалады.
Қазақ даласында тазының жүйріктігі, әсіресе, қоян, түл­кі секілді аңдарды қағуда сыналған. Аңшылықта ит­тің жылдамдығы ғана емес, қозғалысты дәл есептей білуі де маңызды. Тазы өте жүйрік, қашқан аңның ады­мын аштырмайды.

2. Төзімділігі
Тазы сырт көзге шағын көрінгенімен, ол өте тө­зім­ді. Ұзақ қашықтыққа жүгіруге, далада аңды бірнеше са­ғат қууға бейім.
Қазақтың кең даласында аңшылықтың жағдайы бү­гінгідей қолайлы болған жоқ. Қарлы боран, аптап ыс­тық, ұзақ жол – аңшы мен оның серігі үшін қалыпты жағ­дай еді. Осындай ортада ол төзімділігімен ерек­ше­ленді. 

3. Аңшылық сезгірлігі
Тазының бойындағы аңшылық қасиет – оның бас­ты ерекшеліктерінің бірі. Ол аңды алыстан байқап, қоз­ғалысын бағдарлап, қуғын кезінде өз бетінше әре­кет ете алады.
Қазақ аңшылары тазыны қоян мен түлкіге ғана емес, басқа да аңдарға пайдаланған. Кей жағдайда тазы жал­ғыз аң ауласа, кейде бірнеше ит бірігіп әрекет етеді. Саят­шылық дәстүрінде тазының бүркіт, сұңқар секілді құс­тармен қатар қолданылғаны да белгілі. Бұл оның қа­зақтың дәстүрлі аңшылық мәдениетіндегі орнын ай­қын көрсетеді.

4. Зеректігі
Тазы – өте зерек жануар. Аңшылық кезінде ол жағ­дайға қарай әрекет етіп, аңның бағытын болжай ала­ды.
Аң иттерін тәрбиелеуде иесінің талабын түсінуі маңыз­ды. Тазы өз иесіне тез бейімделіп, оның даусын, қи­мылын, аңшылық әрекетін жылдам үйренеді. Сон­дықтан тазыны қазақ халқы жай ғана аңға қосатын ит емес, аңшының серігі ретінде бағалаған.

5. Иесіне адалдығы
Тазының тағы бір ерекшелігі – иесіне адалдығы. Ол адамға үйір. Иесінің жанында өзін сабырлы ұстап, аң­шылық кезінде тапсырманы мүлтіксіз орындауға бейім.
Қазақ ұғымында иттің қадірі оның пайдасымен ға­на өлшенбеген. Иесіне адалдық, серіктестік, адамға жа­қындық та маңызды қасиет саналған. Сондықтан та­зының жеті қазынаның бірі ретінде аталуы оның аң­шылық қабілетімен қатар, иесіне адалдығымен де бай­ланысты.

6. Сымбаты
Тазының сыртқы келбеті де оның табиғи ерек­ше­ліктерін аңғартады. Тұрқының ықшамдығы, бұлшық еті­нің жақсы жетілуі, ұзын сирағы, жеңіл әрі үйлесімді қоз­ғалысы – аңшылық әбжілдігін арттыра түседі.
Тазының сымбаты қазақтың дәстүрлі түсінігіндегі әсем­дікпен де үндеседі. 

7. Далаға бейімділігі
Тазының ең маңызды қасиеттерінің бірі – қазақ да­­ласының табиғатына бейімділігі. Ол кең далада еркін қоз­­ғалып, әртүрлі табиғи жағдайға төтеп бере ала­ды. Оның тарихы көшпелі өмір салтымен тығыз бай­ла­ныс­ты.
Тазы қазақ үшін көшпелі мәдениеттің бір бөлшегі са­налған. Халықтың ауыз әдебиетінде, мақал-мәтел­дерін­де, аңыз-әңгімелерінде тазы туралы талай дерек сақ­талған. «Жеті қазына» ұғымының құрамына енуі де со­ның айғағы.
Тазы – қазақ халқының тарихи жадын, дәс­түрлі өмір салтын және табиғатпен байланысын та­нытатын жеті қазынасының бірі.
Халықаралық деңгейде қазақ тазысын мойында-
ту – осы мұраны сақтаудың маңызды қадамы. FCI стан­дарты бойынша тазы Орталық Азияда ежелден қа­лыптасқан аңшылық ит тұқымы ретінде сипат­талған. Оның тарихы қазақ халқының дәстүрлі мәде­ние­тімен тығыз сабақтасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары