17 жастағы қазақстандық хоккейші Канада клубының ойыншысы атанды

/
17 жастағы қазақстандық хоккейші Канада клубының ойыншысы атанды
freepik.com

Қазақстандық жас хоккейші Бексұлтан Мақыш Канаданың Онтарио хоккей лигасында (OHL) өнер көрсететін «Уинсор Спитфайрз» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 жастағы қазақстандық шабуылшы енді мансабын Солтүстік Америкада жалғастырады.

Бексұлтан Мақыш бұған дейін WHL, OHL және QMJHL лигаларын біріктіретін CHL драфтында таңдалған болатын.

Өткен маусымда ол АҚШ-тағы Бостон академиясының сапында өнер көрсетіп, жас хоккейшілер арасында өзін таныта білді.

Енді қазақстандық спортшы жаңа маусымда «Уинсор Спитфайрз» құрамында ойнап, мансабындағы келесі кезеңін Канадада бастайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары