Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аралас қауіпсіздік жөніндегі "№67 мекемесі " тыйым салынған заттарды сотталушыға беру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мекеменің жедел-режимдік бөлімінің қызметкерлері қабылдау пунктінің бақылаушыларымен бірлесіп, азамат жеткізген азық-түлікті тексеру кезінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды анықтады.
"Сусабын бөтелкесінің ішінен белгілі бір иісі бар ақ ұнтақ зат табылды, болжамды салмағы шамамен 1-2 гр. Сонымен қатар, үш SIM картасы тәркіленді. "Сыйлық" мекемеде сотталғанға берілгені анықталдый", - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алынған заттар оралған және мөрленген, сот-химиялық сараптама тағайындалған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүріп жатыр.