Астанада ер адам үш метрлік орға құлап кетті

/
Астанада ер адам үш метрлік орға құлап кетті
Фото: ТЖМ

Астанада құтқарушылар үш метрлік орға құлаған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылардың мәліметінше, 103 қызметінен Астананың Байқоңыр ауданындағы Солтүстік айналма тасжолында ер адамның орға құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жеткен.

Апаттық-құтқару жұмыстары барысында зардап шеккен адам экскаватор және зембілдің көмегімен тереңдігі шамамен үш метр болатын ордан шығарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары