Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

/
Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Фото: ҰОК

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан хоккейден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Турнирдегі соңғы ойында қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея құрамасын 5:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Бұған дейін ұлттық құрама Жапонияға (0:4) және Қытайға (1:2) есе жіберген еді. Енді осы екі команда Азия чемпионатының алтын медалі үшін таласады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары