Жетісу облысында Sprinter мен КамАЗ соқтығысып, екі адам қаза тапты

/
Жетісу облысында Sprinter мен КамАЗ соқтығысып, екі адам қаза тапты
Видеодан скриншот

Жол-көлік оқиғасы тасжолдың 143-шақырымында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, оңтүстік бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы өзімен бір бағытта қозғалған КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылған.

Соқтығыс салдарынан шағын автобуста болған екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы он жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары жол апатына әкелген себептер мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Шағын автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция өкілдері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтауға және жол жағдайын ескеруге кеңес берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары