Алматыда тұрғын үйлер арасынан қару мен гранаталар табылды

/
Алматыда тұрғын үйлер арасынан қару мен гранаталар табылды
Видеодан скриншот

Алматының Медеу ауданында қару-жарақ жасырылған орын анықталды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Медеу аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орынды тапты. Жасырын орын жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақта «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған.

Астрахан көшесіндегі үйлердің бірінің маңында, жол бойынан ТОЗ-25 тегіс ұңғылы мылтығы табылды. Ол кесілген мылтыққа айналдырып қайта жасалған. Сондай-ақ тапаншаға ұқсас зат пен әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер анықталды. Одан бөлек жарық-дыбыс гранаталарын қоса алғанда, бірнеше граната мен қауіпті болуы мүмкін өзге де заттар тәркіленді, - деп хабарлады департаменттен.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттар тиісті зерттеуге жіберілген. Полиция қарудың қайдан келгенін, қалай сақталғанын және оған кімдердің қатысы болуы мүмкін екенін анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары