Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 170 мыңға жуық адам жиналды

/
Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 170 мыңға жуық адам жиналды
фото: Қарағанды қ. әкімдігі

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр. Ауқымды шараға 170 мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағандыда Кеншілер күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама жалғасып жатыр. Мерекелік шараға танымал өнер жұлдыздары қатысып, облыс тұрғындарымен қатар көршілес қалалардан және шетелден келген қонақтар да жиналған.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, сағат 21:00-дегі жағдай бойынша концертке 170 мыңға жуық адам қатысты.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау саласының мамандары күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Қоғамдық тәртіп бұзылып, құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Қауіпсіздік шаралары концерттік бағдарлама толық аяқталғанға дейін жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары