«Ақ жол» партиясының үміткерлері дәрігерлермен медицина саласының мәселелерін талқылады

/
«Ақ жол» партиясының үміткерлері дәрігерлермен медицина саласының мәселелерін талқылады
"Ақ жол" партиясының сайты

«Ақ жол» партиясының сайлауалды үгіт-насихат штабы «Зире» медициналық орталығының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында «Ақ жол» партиясының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Атап айтқанда, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар кеңінен сөз болды.

«Ақ жол» партиясының өкілдері ұйымдастырған жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, медицина саласының мамандары өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасына қызығушылық танытып, «Ақ жол» партиясының кандидаттары қойылған сұрақтарға жауап берді.

Осындай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатып, елдің көкейіндегі мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік береді. Кездесу барысында «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасына қатысты оң пікірлер айтылып, бірқатар бастамаларға қолдау білдірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар