Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында төраға Дания Еспаева бастаған «Ақ жол» партиясының республикалық штабының мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы «Восток-Молоко» корпорациясының өндірістік алаңына барды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ақ жол» партиясының өкілдері кәсіпорынның өндірістік үдерісімен, технологиялық желілерімен және шығарылатын өнім түрлерімен танысты.
Сондай-ақ «Ақ жол» партиясының үміткерлері еңбек ұжымымен және жергілікті бизнес өкілдерімен кездесті.
«Ақ жол» партиясының кандидаттарымен кездесу барысында отандық өндірісті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, әкімшілік кедергілерді азайту, тұрақты салық саясатын қамтамасыз ету және қазақстандық өнімнің өткізу нарығын кеңейту мәселелері талқыланды.
«Ақ жол» партиясының республикалық штабының мүшелері жеке меншікті қорғауға, отандық өндірушілерді қолдауға және әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бастамаларды таныстырды.
«Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаева өндірістік кәсіпорындар мен кәсіпкерлікті жүйелі қолдау партияның басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
«Ақ жол» партиясы нақты экономика саласы жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірлердің дамуына және елдің экономикалық дербестігін нығайтуға ықпал етеді деп есептейді.
«Ақ жол» партиясынң мүшелерімен кездесуде бизнес өкілдері өз ұсыныстарын айтып, кәсіпкерлерді толғандыратын өзекті мәселелерді ортаға салды. Айтылған ұсыныс-пікірлер «Ақ жол» партиясының алдағы жұмысында ескерілетін болады.