«Ақ жол» партиясының кандидаттары Павлодардағы кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті

/
«Ақ жол» партиясының кандидаттары Павлодардағы кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті
"Ақ жол" партиясының сайты

«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды штабының мүшелері Павлодар өңіріндегі алдыңғы қатарлы отандық кәсіпорындардың бірі — «Жана Роса» зауытына барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сапар барысында «Ақ жол» партиясының штаб мүшелері кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндірістік цехтарды аралады. Азық-түлік және алкогольсіз сусындар өндірісінің барысын көзбен көріп, отандық өнімнің қалай дайындалатынына куә болды.

«Жана Роса» — қазақстандық нарықты сапалы әрі сұранысқа ие отандық өнімдермен қамтамасыз етіп отырған заманауи кәсіпорын. Кәсіпорынның тұрақты жұмысы отандық өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын сақтау және кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.

Кәсіпорын ұжымымен өткен кездесуде «Ақ жол» партиясының төрайымы Дания Еспаева партияның Құрылтай сайлауына арналған бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

«Ақ жол» партиясының өкілдерімен кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, бизнестің мүддесін қорғау және экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған нақты ұсыныстарға ерекше тоқталды.

Қазір «Жана Роса» кәсіпорнында 200-ден астам адам еңбек етеді. «Ақ жол» партиясының үміткерлерімен кездесу барысында ұйымшыл әрі еңбекқор ұжымның өкілдері өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, партияның сайлауалды бағдарламасымен танысты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар