Ұшқыштың кесірінен ұшақ апатқа ұшырай жаздады: 20 жолаушы зардап шекті

/
Ұшқыштың кесірінен ұшақ апатқа ұшырай жаздады: 20 жолаушы зардап шекті
ашық дереккөзден

Үндістанда жолаушылар ұшағының командирі рейс кезінде есірткі заттарының әсерінде болғаны анықталды. Тест нәтижесі оның марихуана қолданғанын көрсеткен​​​​​​​, деп хабарлайды turkystan.kz.

Air India әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы Пхукет – Нью-Дели бағыты бойынша ұшып бара жатқан.

Бастапқыда әуе компаниясы болған жағдайды қатты турбуленттікпен байланыстырған. Алайда кейін жүргізілген тексеру оқиғаға ұшақ командирінің жағдайы себеп болуы мүмкін екенін анықтаған.

Куәгерлердің айтуынша, рейс кезінде командир кенеттен ұшақты басқаруды тоқтатып, өзін-өзі бақылаудан айырылған. Ол міндетін атқара алмай қалғандықтан, бортсеріктер оған шұғыл көмек көрсеткен.

Осы сәтте ұшақ күрт төмендей бастаған. Салдарынан 20 жолаушы мен экипаждың төрт мүшесі зардап шекті. Кейін 17 адам ауруханаға жеткізілген.

Әуе апатының алдын алуға екінші ұшқыш көмектескен. Ол басқаруды өз қолына алып, ұшақты межелі жерге аман-есен қондырған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар