«Байтақ» партиясының өкілдері елорда дәрігерлерімен кездесті

/
«Байтақ» партиясының өкілдері елорда дәрігерлерімен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Сәуле Қамытбекова мен Айгүл Абдуалиева Астанадағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына барып, еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Байтақ» партиясының кандидаттары партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсеріне тоқталды.

«Байтақ» партиясының үміткері Айгүл Абдуалиева азаматтарды зиянды өндірістік қалдықтардың әсерінен қорғау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар «Байтақ» партиясының кандидаты медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, жұмыс ауыртпалығына сай жалақы төлеу, шамадан тыс жұмыс жүктемесін азайту және мамандардың біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді.

«Байтақ» партиясының кандидаттарымен кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Орталықтың бас дәрігері Олжас Бекарысов алдағы сайлаудың маңыздылығына тоқталып, оны елдегі саяси өзгерістердің жаңа кезеңі ретінде бағалады. Ол «Байтақ» партиясының өкілдерінен Аралды қалпына келтіру бағытында қандай нақты жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.

Бұдан бөлек, «Байтақ» партиясының мүшелеріне атом электр станциясын салу, қоқысты сұрыптау және қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері бойынша сауалдар қойылды.

«Байтақ» партиясының өкілдері кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің алдағы жұмысты жоспарлау кезінде ескерілетінін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар