«Ақ жол» партиясының кандидаттары Екібастұз тұрғындарымен кездесті

/
«Ақ жол» партиясының кандидаттары Екібастұз тұрғындарымен кездесті
"Ақ жол" партиясының сайты

Дания Еспаева бастаған «Ақ жол» партиясының республикалық штабының мүшелері Екібастұзда жұмыс кездесулерін бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының республикалық штаб мүшелері «Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаеваның бастауымен «Екібастұз қалалық су арнасы» және «Қалалық электр желісі» АҚ кәсіпорындарының ұжымдарымен кездесті.

Игі дәстүрге сай жұмысшы қауым «Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаеваны жылы шыраймен қарсы алып, гүл шоқтарын табыстады.

Жиын барысында Дания Еспаева «Ақ жол» демпартиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырды. «Ақ жол» партиясының өкілдері Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, еңбек ұжымдарын қолдау, коммуналдық және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ қалалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды.

«Ақ жол» партиясының үміткерлерімен кездесуде коммуналдық және энергетика салаларының жұмысына тікелей қатысты мәселелер кеңінен қозғалды. Қатысушылар инфрақұрылымның жай-күйі мен дамуын, еңбек жағдайын, кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтуды және қала тіршілігі тікелей тәуелді болып отырған жүйелерді одан әрі жаңғырту қажеттілігін талқылады.

Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. «Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаева мен штаб мүшелері көтерілген тақырыптар бойынша партияның ұстанымын жеткізіп, сайлауалды бағдарламада қарастырылған әлеуметтік-экономикалық түйткілдерді шешу жолдарын түсіндірді.

Еркін пікіралмасу форматында өткен басқосу сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын ғана емес, Екібастұздың коммуналдық және энергетика саласы мамандарының күнделікті жұмысында кездесетін нақты мәселелерін де егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік берді.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар қала инфрақұрылымын дамыту және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін талқылау кезінде коммуналдық және энергетика саласы қызметкерлерінің пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар