Өскеменде Nissan жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті

/
Өскеменде Nissan жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті
istockphoto.com

Өскеменде 10 тамыз күні Nissan көлігінің жүргізушісі жас баланы қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, жүргізушіге хаттама толтырылды.

Жол апаты Крылов көшесі тұсындағы көпірден түсе берісте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Nissan көлігінің жүргізушісі солға бұрылған кезде жаяу жүргіншіге жол бермеген.

«Nissan жүргізушісі Крылов көпірінен солға бұрылған кезде жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермеген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзу фактісі бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар