Үндістанда найзағайдан 20 адам қаза тапты

/
Үндістанда найзағайдан 20 адам қаза тапты
Hindustan Times/Getty Images

Үндістанның Джаркханд штатында бір тәулік ішінде найзағай соғуынан кемінде 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Prasar Bharati телерадиокорпорациясының мәліметінше, адам шығыны ең көп тіркелген өңір – Гиридх округі. Мұнда 11 адам көз жұмған.

Сондай-ақ қолайсыз ауа райы штаттың өзге де бірнеше ауданына зардабын тигізген.

Үндістанның Метеорологиялық департаменті алдағы үш күнге қауіптің «қызғылт сары» деңгейін жариялады. Бұл кезеңде нөсер жауын мен найзағай қаупі сақталуы мүмкін.

Соңғы тәуліктерде Джаркхандта муссондық жауын күшейіп, соңы нөсер мен найзағайға ұласқан.

Айта кетейік, бұған дейін, 5 тамызда, осы штатта найзағай соғуынан 13 адамның қаза тапқаны хабарланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар